7-16 маусым аралығында Алматыда "Келімсек" республикалық жедел-алдын-алу іс-шарасы өткізілуде. Мақсаты – тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзуын анықтау, деп хабарлады inbusiness.kz Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Іс-шараның төртінші күнінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 751 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 459-ы шетелдік азаматтар. Сот шешімімен 43 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. Сонымен қатар, шетелдіктердің Қазақстанда болу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларда орындамаған 262 қабылдаушы жауапкершілікке тартылды, 30 жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынды . Сондай-ақ, іс-шара кезеңінде іздеуде жүрген 12 қылмыскер ұсталды", – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Құралай Құдайберген