Алматыда шетелдік әйелді итеріп жіберген полицей жұмыстан қуылды

386

Бұл туралы қалалық полиция басқармасының бастығы Арыстанғани Заппаров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматыда шетелдік әйелді итеріп жіберген полицей жұмыстан қуылды Фото: видеодан скриншот

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшысы сабырсыздық танытып, іс-әрекетімен қоғамда наразылық тудырды. Салдарынан полиция қызметкерлері сынға қалды.

"Тәртіп бұзған қызметкер 14 маусым күні жұмыстан шығарылды. Ол полицей органда ұзақ жұмыс істемеді", – деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда полицей шетелдік әйелді итеріп, жерге құлатып жібергенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу