Алматыда шетелдік ер адам пәтерден өлі табылды

232

Алматы қалалық Полиция департаменті ақпаратты растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда шетелдік ер адам пәтерден өлі табылды Фото: pixabay

Әлеуметтік желілерде 3 қазанда Алматыдағы Әуезов ауданындағы пәтерлердің бірінен ер адамның бөлшектелген денесі табылғаны туралы ақпарат пайда болды.

Жазбадағы мәлімет бойынша, 50 жастағы марқұм Ресей азаматы болған. Қылмыс жасады деген күдікпен онымен бірге тұрған әйел ұсталды.

"Бұл факт бойынша Әуезов ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа жағдайлар анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу