Алматыда шетелдік тәртіп бұзушылар жауапқа тартылды

333

Бір апта ішінде полицейлер 300-ден астам шетелдік қылмыскерді анықтады. 

Алматыда шетелдік тәртіп бұзушылар жауапқа тартылды Фото: polisia.kz

Алматы қаласында заңсыз мигранттар барынша көп болатын және заңсыз еңбек қызметін жүзеге асыратын жерлерде анықтауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр. Бұл туралы inbusiness.kz сайты polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Тек соңғы аптаның өзінде барлығы 302 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 34-і алыс шет мемлекеттерінің азаматтары. Соның ішінде, Нигериядан – 9, Түркиядан – 14 және Өзбекстан мен Тәжікстаннан келген 268 азамат бар. Қабылдап-таратуға жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 107 шетелдік орналастырылды. Сот қаулысымен 90 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды", – деп түсіндірді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ, спикер қабылдаушы 81 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік шара қолданылғанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу