Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Бостандық ауданында жаңа "Алмагүл" қосалқы стансасына 4,8 км электрмен жабдықтау желісі тартылды. Оны шілде айының соңында іске қосу жоспарланған. Бұл шамамен 200 мың тұтынушыны электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етеді.
"Алатау Жарық Компаниясы" акционерлік қоғамының желісі бойынша шілде айында 77,5 км жоғары вольтты электр кабель желілерін, 98 дана трансформаторлық станциялар мен тарату пункттерін жөндеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, 1,5 км кабельдік желілер ауыстырылып жатыр, ол жыл соңында бітеді", - деді әкім.
Маусым айында ауданның қосылған аумақтарында Ерменсай және Ремизовка шағын аудандарында 47,2 км электр желілерін реконструкциялау жұмыстары басталып, 2024 жылдың сәуірінде аяқталады.