Талғар ауданында жоғалып кеткен 46 жастағы ер адам Алматыдан өлі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мамбетoв Асқар Абдужалилұлы, 1978 жылы туған, 14 шілдеде Тұздыбастау ауылында із-түссіз жоғалып кетті.
Ол сол күні шамамен сағат 11:30-да ол Бердіғұлов көшесі, 18 а мекенжайында орналасқан орталық мешіттен шыққан.
Куәгерлердің айтуынша, содан кейін ер адамды аялдамада көрген. Ол Алматыға баратын №54 автобусқа мінген. Содан бері оның қайда екенін ешкім білмеді.
Сондай-ақ, ер адамның бағыт-бағдарын білмей, адасып қалатыны және психикалық ауытқуы бары белгілі болды.
"Жоғалған адамның денесі 14 тамызда табылды. Ал 17 тамыз күні оны әйелі мәйіттің күйеуіне тиесілі екенін растады. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың іздері жоқ", – деп хабарлады еріктілер.