15-16 қазан күні Алматыда Шевченко көшесінің бойында "Ғылым ордасы" археология мұражайының алдында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына 50 өнім түрі ұсынылады. Атап айтар болсақ, 40 тонна ет, 20 тонна сүт өнімдері, жеміс- жидек пен көкөніс 30 тонна, балық 13 тонна, бал 40 тонна, 25 тонна өзге де өнімдер бар.
Жәрмеңкеде ұсынылатын азық-түлік бағасы нарық бағасынан 8-20 пайызға төмен болады.
Жәрмеңке өтетін орын - Шевченко көшесінің бойында, Қонаев көшесі мен Пушкин көшелерінің аралығында ("Ғылым ордасы" археология мұражайына қарама-қарсы).