Алматыда ШОБ-қа инвестиция қатарынан үш жыл төмендеген

578

Өңірлер бойынша ШОБ субъектілері көбінесе Алматы қаласында шоғырланған. Мегаполисте 190,2 мың шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істеуде. 

Алматыда ШОБ-қа инвестиция қатарынан үш жыл төмендеген

Алматыда шағын бизнесті несиелеу деңгейі төмендеді, деп хабарлады Finprom.kz.

Мәселен аталған секторға берілетін қарыз сомасы үш жылдан бері орта есеппен 8%-ға қысқарып келеді.

2019 жылдың соңындағы мәлеметтер бойынша елімізде 1,6 млн шағын және орта бизнес тіркелген. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 1,7%-ға жоғары. Олардың ішінде 1,3 млн-ы – қазіргі кезде кәсібін дөңгелетіп отырғандар. 2018 жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіш 7,2%-ға жоғары.

Жалпы жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнестің 64,3%-ы – жеке кәсіпкер. Ал 19,4%-ы – шағын кәсіппен айналысатын заңды тұлғалар, 16,1%-ы – ауыл шаруашылығы қожалықтары.

Өңірлер бойынша шағын және орта бизнес субъектілері көбінесе Алматы қаласында шоғырланған. Мегаполисте 190,2 мың шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істеуде. Бұл – жалпы республикадағы кәсіпкерлердің 14,3%-ы.

Кәсіпкерлер саны бойынша көш бастаған өңірлер қатарына Түркістан облысы (142 мың субъект) мен Нұр-Сұлтан қаласы (134,5 мың субъект) кіреді. Одан кейінгі орында – Алматы облысы мен ШҚО. Еліміздегі шағын және орта бизнестің 51%-ы осы өңірлерде шоғырланған.

Жыл сайын Алматыда бизнес өкілдерінің саны орта есеппен 4,5%-ға артып келеді. Алайда олар құжаттарды ұзақ уақыт рәсімдеу сынды түрлі қиындықтармен ұшырасады. Мұндай әкімшілік тосқауылдар шағын және орта бизнестің дамуына айтарлықтай кедергі келтіреді. Аталған мәселелерді шешу үшін 2019 жылы қыркүйек айында мегаполисте Qoldaý кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Орталық "бір терезе" қағидасы бойынша жұмыс істейді. 2019 жылы мұнда 5,6 мың кәсіпкерге кеңес берілді. Ал жыл басынан бері 5,5 мың бизнес өкілі орталық мамандарының көмегіне жүгінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу