Алматыда ШОБ саласында экономикалық белсенді халықтың 83% жұмыс істейді

511

"Алматыбасжоспар" ҒЗИ алаңында бірыңғай есеп күні өтті. 

Алматыда ШОБ саласында экономикалық белсенді халықтың 83% жұмыс істейді Фото: inbusiness.kz

Онда қалалық бақылау-қадағалау органдары 2023 жылғы 1 қаңтар мен 1 тамыз аралығында атқарылған жұмыстар туралы ақпараттармен бөлісті.

Кездесуге 70-ге жуық бизнес өкілі, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, бақылау және қадағалау органдары, мемлекеттік қызмет саласындағы мамандар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері, сондай-ақ қала прокуратура өкілдері қатысты.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы төрағасының міндетін атқарушы Нариман Ибрагимов бірыңғай есеп күні бизнесті мемлекеттің бақылау-қадағалау функцияларымен таныстыру, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз қызметті ұйымдастыру мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетінін еске салды.

Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев Алматы қаласының экономикасы көбінесе сауда және қызмет көрсету саласының ЖӨӨ құрылымында басым екеін, оның үлесі 86,1%-ды құрайтынын атап өтті. Қала экономикасының басым бөлігін шағын және орта бизнес құрайды (57,5%). Онда 869 мың адам немесе экономикалық белсенді халықтың 83% жұмыс істейді. 2022 жылы шығарылған ШОБ өнімінің көлемі 15,7 трлн теңгені құрады.

"Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы Алматы қаласын дамытудың 2025 және 2030 жылдарға дейінгі жоспары бекітілді. Бұл қала үшін маңызды стратегиялық құжат, оған сәйкес біз өзіміз үшін қаланы дамытудың мынадай басымдықтарын айқындадық: жоғары технологиялық және "таза" өндірістерді дамыту және креатив индустрияларды дамыту", – деп атап өтті Берік Солтанбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу