Алматыда ШОБ субъекттілерінің саны 33,7%-ға артты

783

Шаһар халқының 65%-ын шағын және орта бизнес жұмыспен қамтуда.

Алматыда ШОБ субъекттілерінің саны 33,7%-ға артты

Алматы әкімі Ерболат Досаев қала кәсіпкерлерімен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айта кететіні, мемлекеттік бюджет кірісінің төрттен бір бөлігі және Қазақстанның барлық сауда операциясының 35%-дан астамы Алматыға тиесілі. Мегаполис халқының 65%-ын шағын және орта бизнес жұмыспен қамтуда.

"Құжатта басым салалар айқындалған. Бұл өңдеу өнеркәсібі, креативті индустрия, IT сала және туризм. Жұмыс орындарын құруға, инвестиция тартуға және іскерлік ортаны жақсартуға баса мән беріледі. Алматының болашақ дамуының жетістігі мен жоспарлардың жүзеге асуы экономиканың тұрақты өсуімен, тұрақты қаржылық кірістермен және кәсіпкерлер үшін де, сыртқы инвесторлар үшін де қолайлы іскерлік климатпен анықталады деген нық сенімдемін", – деді әкім өз сөзінде.

2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Алматыда 262 мың шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ШОБ кәсіпорындарының саны 33,7%-ға өсті. Биыл оларды дамытуға мемлекеттік және қалалық бағдарламалар аясында 47,6 млрд теңге бөлінді. 1,3 мыңнан астам жоба мақұлданды.

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу