Алматыда ШОБ-тың жалға алу төлемдерін тоқтату туралы 350 қосымша келісім жасалды

900

Кәсіпкерлерге мәжбүрлеу шарасы қолданылмайды. 

Алматыда ШОБ-тың жалға алу төлемдерін тоқтату туралы 350 қосымша келісім жасалды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Серік Ибраев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 508 мүліктік жалдау шарты жасалды. 2021 жылдың 1 шілдесіндегі түсім 299,1 млн теңгені құрайды, ал жоспар 405,6 млн теңге немесе 73,7%.

"Қаржының толық түспеуіне "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға беру ережесіне" өзгерістердің енгізілуі себеп болды, шағын және орта бизнес субьектілері үшін 2020 жылдың 20 маусымынан бастап 2021 жылдың 30 маусымы аралығында жалға алу төлемдері есептелмеді", - деп түсіндірді Серік Ибраев.

Біз 2021 жылдың 1 қаңтарынан 30 маусым аралығында Алматы Мемлекеттік активтері басқармасы шағын және орта бизнес субьектілерімен жалға алу төлемдерін тоқтату бойынша 350 қосымша келісім-шарт жасады. Бұл ретте түсімдер 792,11 млн теңге жылдық жоспардан 360,8 млн теңгеге дейін төмендеді.

Серік Ибраев тоқтататылған жалдау ақысының қайтарылуына қатысты қосымша келісім жасаған мемлекеттік мүлікті жалға алушыларға қатысты мәжбүрлеу шараларының қолданылмайтынын атап өтті.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу