Алматыда шорт-тректен Әлем кубогының екі кезеңі өтеді

600

Жарысқа 30 елден спортшылар қатысады.  

Алматыда шорт-тректен Әлем кубогының екі кезеңі өтеді Фото: sports.kz

Алматы қаласында 9-11 және 16-18 желтоқсан күндері шорт-тректен әлем кубогының ІІІ және IV кезеңдері өтеді.

Бұл екі жарысқа әлемнің 30 елінен 250-дей шорттрекші қатысады.

Алматыдағы "Халық Арена" мұз сарайында өтетін айтулы додада Олимпиада және Азия ойындарының, әлем чемпионаты мен кубогінің жеңімпаздар-жүлдегерлері бақ сынайды.

Қазақстаннан мына спортшылар қатысады:

Ерлер: Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Нұртілек Қажығали, Еркебұлан Шамұханов, Санжар Жанисов.

Әйелдер: Ольга Тихонова, Яна Хан, Мәдина Жанбосынова, Анастасия Астраханцева, Алина Әжіғалиева, Алёна Волковицкая.

Алматы турнирлерінен кейін шорттрекшілер Дрезденге (Германия) аттанады. Әлем кубогының қорытынды шешуші кезеңі Дордрехт (Нидерланд) қаласында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу