Алматыда "Шымбұлақ" пен "Ой-Қарағай" бір жүйеге біріктіріледі

422

Қалада 30 жаңа аспалы жол салынып, тау шаңғысы трассаларының ұзындығы 151 шақырымға дейін ұлғаяды.  

Алматыда "Шымбұлақ" пен "Ой-Қарағай"  бір жүйеге біріктіріледі Фото: the-steppe.com

Алматыда тау шаңғысы инфрақұрылымын ауқымды кеңейту жобасы жүзеге асырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоба аясында "Медеу" базалық станциясы арқылы "Шымбұлақ" және Oi-Qaragai тау курорттарын біріктіретін бірыңғай тау курорттары жүйесі құрылады.

Жоспарға сәйкес, 30 жаңа аспалы жол салынып, жалпы ұзындығы 151 шақырым болатын тау шаңғысы трассалары жасалады. Сонымен қатар қолданыстағы инфрақұрылым жаңғыртылады.

Жоба толық іске қосылғаннан кейін тау шаңғысы жүйесінің тәуліктік қабылдау мүмкіндігі бес есеге артып, қазіргі 6 мыңнан 30 мың келушіге дейін жетеді.

Сондай-ақ Туризм басқармасының мәліметінше, қазір 2029 жылға дейінгі Алматы тау кластерін дамытудың кешенді жоспары әзірленіп жатыр.

Жоба нәтижесінде Алматыға келетін шетелдік туристер саны шамамен екі есеге өсіп, 986 мыңнан 1,7 миллион адамға дейін жетеді деп күтілуде. Бұдан бөлек, туризм саласында жұмыспен қамтылғандар саны 101,8 мың адамға дейін артады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу