Алматыда 23 желтоқсанда Шымбұлақ тау курортының 70 жылдығына орай мерейтойлық сырғанау маусымы ашылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Курорттың тарихы 1954 жылы "Шымбұлақта" тау шаңғысы спортынан алғашқы бүкілодақтық жарыстар өткізіле бастаған кезден басталады. 1983 жылдан бастап Шымбұлақ тау шаңғысынан даярлайтын олимпиадалық орталыққа айналды. Ал 2010 жылы "Медеуден" "Шымбұлақ" базалық стансасына дейін гондола жолы іске қосылды.
Маусымның ашылуына орай тау курорты қонақтарға бірқатар өзгерістер дайындады:
- Комби-1 орта стансасында жаңа ақпараттық орталық ашылады.
- балаларды шаңғыға үйрету үшін "Шымбұлақ" базалық стансасында Ақ Барсик жаңа оқу трассасы іске қосылады.
- Medeu Camp глампинг аумағында "Monti Bambini" мейрамханасының ашылуы өтеді.
- "Талғар асуы" стансасында SYÑ 32 мейрамханасының ашылуы өтеді.
- "Медеу" базалық стансасының аумағында "Shymbulak Medeu Camp" балалар тау лагері аясында отбасылық демалысқа арналған глампинг ұйымдастырылады.
- "Медеу" базалық стансасында ауданы 1 100 м2 шығармашылық хабтың ашылуы өтеді.
- "Шымбұлақ" базалық станспсында pop-up Park ашылуы өтеді.