Алматыда синтетикалық есірткі өндіретін зертхана құрықталды

796

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.  

Алматыда синтетикалық есірткі өндіретін зертхана құрықталды Фото: sputniknews.kz

Арнайы іс-шара кезінде Алматы полиция басқармасының мамандары есірткі зертханасын анықтады. Тінту кезінде ол жерден бес жабдық жиынтығы және синтетикалық есірткі өндірісі үшін қажетті жаттар тәркіленді. Зертхананы 1976 жылы туған К.есімді азамат құрған.

"Осылайша, біз қолданыстағы есірткі зертханасын және қойма базасын жойып қана қоймай, заңсыз айналымнан жабдықтар мен осыған ұқсас бес жаңа зертханаларды құруға арналған материалдарды тәркіледік. Жоғарыда аталған үйдің аумағында тінту жүргізгенде, ішінде қою түсті, белгілі бір иісі бар 20 литрлік төрт темір канистр табылды және тәркіленді. Үйдің екінші қабатын тінту кезінде жатын бөлмесінде ерекше иісі бар полиэтилен пакетінде тұрған екі ұнтақты зат, магниттік араластырғыш (зертханалық, электрлік) тәркіленді. Сондай-ақ, бөлмеде жаңа бес магниттік араластырғыш, бес электронды таразы және түрлі зертханалық колбалар және көптеген басқа да зертханалық қондырғылар болды", – деді Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Әлмағамбетов.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған ақ затта мефедрон – Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорларының тізіміне енгізілген меткатинон психотроптық затының аналогы бар болып шақты. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлімі бойынша тіркелді. К. есімді азамат қамауға алынды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу