Алматыда "синтетиканың" ірі партиясы тәркіленді

731

Қаланың 27 жастағы тұрғынынан психотроптық заты бар 23 оқшауланған байлам тәркіленді, деп жазады inbusiness.kz Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда "синтетиканың" ірі партиясы тәркіленді

"Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар психотроптық – "мефедрон" болған. Тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде есірткісі бар ораусыз байлам мен ірі көлемдегі ақша табылды және тәркіленді. ҚР ҚПК-тің 128 бабына сәйкес ҚР ҚК-нің 297 бабы 3 бөлігінің 1,3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікке ілінген адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу