Алматыда скринигтік тексеру кезінде 300-ге жуық қатерлі ісік анықталды

683

Бұл туралы Алматы онкологиялық орталығы директорының орынбасары Жанна Құжаева айтты.

Алматыда скринигтік тексеру кезінде 300-ге жуық қатерлі ісік анықталды Фото: freepik

Алматыда қатерлі ісік скринингінен өтуге жататын тұрғындардың 99,6%-ы қамтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2023 жылдың қорытындысы бойынша қала бойынша скринингтік тексеру жоспарының орындалуы 99,6%-ды құрады. Онкологтер тұрғындарды жатыр мойны, сүт безі және тоқ ішек обыры бойынша тексерді. Соның ішінде 73 229 әйел жатыр мойны обырына, 82 944 әйел сүт безі обырына, 89 923 науқас тоқ ішек қатерлі ісігіне скринингтік тексеруден өтті", - дейді ол.

Спикердің сөзінше, скрининг нәтижесінде онкологиялық аурудың 298 жағдайы анықталды: 38 – жатыр мойны обыры, сүт безі обыры – 214, тоқ ішек обыры – 46 жағдай.

"Онкологиялық ауру белгілері бар адамдардың 95,6 пайызында (285 жағдайда) қатерлі ісік ерте сатысында анықталғаны қуантады. Ерте кезеңде анықталған ауруды емдеу жеңілірек, ал кейбір жағдайда ауруды толығымен жеңуге болады", - деді Жанна Құжаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу