Алматыда скринингтің арқасында обырдың 215 жағдайы ерте сатыда анықталды

410

Жыл басынан бері Алматы қаласында 237 308 тұрғын онкологиялық скринингтен өтті. 

Алматыда скринингтің арқасында обырдың 215 жағдайы ерте сатыда анықталды Фото: ДСМ

Тексерулер азаматтардың тіркелген жері бойынша емханаларда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК)  шеңберінде, оның ішінде медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар үшін де жүргізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру қорытындысы бойынша қатерлі ісіктің 225 жағдайы анықталды. Оның ішінде 215 жағдай аурудың ерте сатысында диагностикаланған. Бұл профилактикалық тексерулердің тиімділігін көрсетіп, емдеуді дер кезінде бастауға мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері Алматы онкология орталығында 14 мыңнан астам пациент мамандандырылған медициналық көмек алды. 1 100-ден астам операция жасалды, олардың 50 пайыздан астамы аз инвазиялық әдіспен орындалды. 12,5 мыңнан астам пациентке химиотерапиялық ем жүргізілсе, 500-ге жуық адам сәулелік терапиядан өтті.

"Ауру барынша ерте анықталса, оны сәтті емдеу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Сондықтан әрбір азаматтың тегін скринингтік тексерулерден тұрақты түрде өтуі өте маңызды. Онкологиялық ауруға күдік туындаған жағдайда пациент "жасыл дәліз" қағидаты бойынша тексеруден өтеді. Қазақстанда онкологиялық ауруларға мамандандырылған көмектің толық көлемі – диагностикадан бастап емдеуге дейін – ТМККК шеңберінде тегін көрсетіледі", – деді Алматы онкология орталығы директорының орынбасары Жанна Құжаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу