Алматыда SMIIC метрологиялық кеңесінің отырысы басталды

Ұйым 1999 жылы 7 қарашада құрылды және оған 42 мемлекет мүше.әә

Алматыда SMIIC метрологиялық кеңесінің отырысы басталды

Алматыда Ислам елдерінің стандарттары мен метрологиясы институты (SMIIC) метрологиялық кеңесінің 11-ші отырысы өтуде, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жиынға 35 елден делегаттар қатысып, метрология, техникалық реттеу және халал индустриясы мәселелерін талқылауда. Сондай-ақ Орталық Азия өңірі үшін халал аудиторлар тренингі өткізіліп жатыр.

"Қазақстанның бұл ұйымға қатысу мақсаты – ислам әлемінің кәсіпкерлерімен жұмыс істеу кезінде отандық өндірушілер үшін сауда кедергілерін азайту. Мысалы, биыл мамыр айында ҚР СИМ ТРМК "ҚазСтандарт" ұйымы Халал өнімдерін сертификаттау үшін БАӘ халықаралық аккредиттеу орталығынан аккредитациядан өтті. Бұл қадамдар еліміздің халықаралық нарықтағы орнын нығайтуға мүмкіндік береді", деді  ҚР СИМ Техникалық реттеу комитеті төрағасының орынбасары Қайсар Шалабаев.

Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанынан құрылған ислам елдерінің стандарттар және метрология институты (SMIIC) мүше мемлекеттермен ынтымақтастықта OIC / SMIIC стандарттарын әзірлеумен айналысады.

Ұйым 1999 жылы 7 қарашада құрылды және оған 42 мемлекет мүше. Қазіргі уақытта SMIIC-те әртүрлі салаларда 18 техникалық комитет бар және олар 35 стандарт әзірледі.

SMIIC-тің толыққанды мүше ретіндегі жұмысына қатысу Қазақстанның стандарттау және метрология саласындағы мүдделерін ілгерілетуге, халал-индустрияны дамытуға, мүше елдер арасында елдің имиджін нығайтуға, сондай-ақ SMIIC-ке мүше елдерге тауарларды ілгерілетуде отандық экспортқа жәрдемдесуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу