Ол "Сақтансаң сақтайды" деп, оронавирустың төртінші толқыны келе жатқанын ескертті. ЗКТ: Айтуынша, аты жаман "Дельта" штамы кесірінен вирус жұқтырғандар саны артып келеді. Бір ғана Алматының өзінде өткен аптада орта есеппен тәулігіне 110 адамнан вирус анықталса, қазір ол көрсеткіш 215-ке дейін жетті. Соңғы жүргізілген зерттеуге сәйкес, 133 сынаманың 77-сінде "Альфа" штамы болса, 46-сында "Дельта" белгісі бар болып шықты. Осы ретте қаланың бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойып, ол құжат бүгін күшіне енді. Жандарбек Бекшин "Алматыда науқас саны артатынын білдік" дейді.