Алматыда СОО-ны жалға алушылар жалға алу ақысынан босатылады

1086

Сонымен қатар үш айға коммуналдық төлемдерді тоқтату қарастырылған.  

Алматыда СОО-ны жалға алушылар жалға алу ақысынан босатылады

Бұл туралы онлайн баспасөз мәслихатында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Атап айтқанда жеңілдік алған орталықтар қатарында "Silkway", "Пассаж", ЦУМ, "Москва" сауда және ойын-сауық орталықтарын бар.  

"Аталған сауда және ойын-сауық орталықтарында орынды жалға алушылар алты айға және коммуналдық төлемдерден үш айға босатылады", – деді әкім. 

Сонымен қатар "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен алматылық кәсіпкерлерге кепілдікпен немесе ішінара кепілдік арқылы 2%-бен айналым қаражатын толықтыру үшін 12 айға дейін несие алу мүмкіндігі беріледі. Оның сомасы 10 млн теңгеден аспауы керек. 

Еске сала кетсек, елімізде 19 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-де Төтенше жағдай режимі аяқталды. Ол 5 қаңтарда енгізілген болатын. Төтенше жағдай сұйытылған газ бағасының қымбаттауына қарсы шерулерден басталған. Кейін оның соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Әкімшілік ғимараттарға, полиция бөлімшелеріне, дүкендерге шабуыл жасалды. Ең көп зардап шеккен Алматы қаласы. Мұнда бизнеске 100 млрд теңге төңірегінде шығын келтірілді. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу