Алматыда сот орындаушысы соққының астында қалды

917

Оқиға қосымша ғимаратты бұзу шарасы кезінде орын алған. 

Алматыда сот орындаушысы соққының астында қалды

Бұл жағдай ұялы телефон камерасына түсіп, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап кетті. Алматы қаласының жеке сот орындаушылар палатасының мәліметінше оқиға 4 қазанда болған. Зардап шеккен қызметкер онда жұмыс бабымен барған, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

 "Полиция қызметкерлерінің көзінше белгісіз адамдар сот орындаушысына қысым көрсете бастады. Күш көрсетіп сот орындаушысына өз міндеттерін орындауға тыйым салуға тырысты", – деді Алматы жеке сот орындаушылары палатасында.

Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының сайтындағы мәлімдемеде оқиғаның мән-жайы баяндалған.

 "Жеке сот орындаушы А.А. Ермековты қызметтік міндетін атқару кезінде М.Н. Искаков тұншықтыра бастады. Кейін ол сот орындаушысына жақындап, жұмысын тоқтатуды талап етіп, қайтадан қорқытқан. М.Н. Искаков сот орындаушысының қабырға мен өкпесінен бірнеше рет ұрған. Бұл әрекеттер полиция қызметкерлерінің көзінше жасалған", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар республикалық палатаның мәліметінше, оқиға болған кезде полиция қызметкерлері кетіп қалған.  

"Сот орындаушысы ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы арыз жазып, учаскелік полиция өткізген. Полиция қызметкерлері мүлдем әрекет етпеді және олар қылмыскерді ұстаудан бас тартты. Сот орындаушысының ер адамды ұстау туралы өтініші бойынша полиция ештеңе істемеді (бейне түсірілім бар)", – деп хабарлады палатада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу