Алматыда СOVID-19 жұқтырғандар саны қашан азаяды?

910

Қалада күніне 1 мыңнан аса адам вирус жұқтырып жатыр.

Алматыда СOVID-19 жұқтырғандар саны қашан азаяды?

Алматыда коронавирустың төртінші толқыны жүріп жатыр, эпидемиологиялық ахуал күрделі. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ол ауру жұқтырғандар санының өсуі "дельта" штамымен байланысты екенін жеткізді.

"Коронавирус пандемиясы басталғалы қала үш толқыннан өтті. Қазір төртінші толқынға кіріп жатырмыз. Сондықтан қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделеніп бара жатыр. Соңғы аптаны алсақ, өткен аптамен салыстырғанда науқастар саны 1,4 есе өсті немесе ауру жұқтырғандар саны 5 790-нан 8 393-ге көбейді", - деді бас санитар дәрігер өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Жандарбек Бекшин 23 шілдеден бастап 1 мыңнан аса адамнан коронавирс анықтала бастағанын, өткен тәулікте олардың саны 1 470 адамға жеткенін атап өтті.

Ол тамызда төртінші толқын шарықтап, қыркүйектің басында ауру жұқтырғандар саны азаятынын айтты.

"Қазір бар күшімізді халықты вакциналауға жұмсап жатырмыз. Қалада вакцинаның бірінші компонентін екпе алуға рұқсат берілген тұрғындардың 35,2%-і салдырды. Қазір иммундық қабат 34%-ға тең", - деді Жандарбек Бекшин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу