Алматыда соя тұздығын шығаратын өндіріс іске қосылды

1146

Алматыда соя тұздығын шығаратын өндіріс іске қосылды

Алматы кәсіпорны еліміздегі бірден-бір соя тұздығын шығаратын өндірісін іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда қала күнін мерекелеу қарсаңында "ЦИН-КАЗ" ЖШС кәсіпорнының еліміздегі  соя тұздығын шығаратын өндірісі іске қосылды. Бұдан басқа, зауыт көкөніс салаттарын дайындайды. Жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорны қолданыстағы өндірісті жаңғырту, автоматтандыру және кеңейту жұмыстарын жүргізгеннен кейін 2 жаңа цех пайдалануға берілді.

Мұнда өнімнің қызанақ пастасы, кетчуп, жеміс тоспасы және тұздық секілді барлығы 20-дан астам тауарлар атауымен аталатын түрі бар. Өндірістің қуаты жылына б 6,3 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы. Бұл Қазақстан нарығының қызанақ пастасына деген сұранысының 50%-дан астам қажеттілігін жабады. Компанияның өнімі Қазақстанның, Ресейдің және Қырғызстанның 42 өңіріне жіберіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу