Алматыда СПА, қоғамдық моншалар, сауналар жұмысын қайта бастады

1103

Нысандардың қызметі барлық эпидемиологиялық шаралар қатаң сақталған жағдайда рұқсат етіледі. 

Алматыда СПА, қоғамдық моншалар, сауналар  жұмысын қайта бастады

Алматыда, шектеу шараларын жеңілдету шеңберінде 1 маусымда фитнесс-орталықтары, СПА-салондары, қоғамдық моншалар және сауналар жұмысын қайта бастайды.

Аталған нысандар жұмысын бастамас бұрын Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулысының ережелерімен танысуы және жұмыс орындарын барлық қажетті талаптарға сәйкес дайындауға тиіс.

Бұдан әрі, нысандар infokazakhstan.kz сайтына тіркеліп, өздерінің әзірлігін растайды және хабарламаға электронды-цифрлық қолтаңбасымен қол қою жолымен жазылған нормаларды сақтауға кепілдік береді.

Олардың карантиндік шараларды орындау барысын мониторингтік топ рейдтік тексерулер жүргізу кезінде қадағалайтын болады.

Талап бұзушылықтар анықталған жағдайда, нысандарға, оларды толық жабуға дейінгі әкімшілік жауапкершілік жүктеу қаупі бар.

Жалпы алғанда 900-ден астам нысанның жұмысы жанданып, 7,2 мың адам жұмысына оралады деп күтілуде.

Айта кетсек, бұдан бұрын 1 маусымнан бастап шектеулер әзірлік бағалауынан өткен азық-түліктік емес базарлардан алынатыны хабарланған болатын.

Бұдан басқа, бұрын хабарланғандай, 1 маусымнан бастап, шектеулер әзірлік бағалауынан өткен азық-түліктік емес базарлардан алынатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу