Алматыда спортшылар екпе салдыруды бастады

957

Бұл Олимпиада мен басқа да жарыстарға қатысу үшін маңызды. 

Алматыда спортшылар екпе салдыруды бастады

Олимпиада ойындарының қарсаңында алматылық спортшылар коронавирусқа қарсы вакцина салдыруды бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өйткені, команданың бір мүшесі инфекция жұқтырса, онда бүкіл ұжымның жұмысына қауіп төнуі мүмкін. "Алматы" хоккей клубының шабуылшысы Артем Бурделев осылай деп есептейді. 

"Саналы ғұмырымды спортқа арнаған жанмын. Жарыстардан қалмадым. Меніңше, спорт әлемінде бұған дейін мұндай шектеулер болған емес. Біздің команда індетке дейін күн сайын жаттығатын, ал коронавирустың кесірінен барлық жаттығу тоқтады. Енді вакцинаның арқасында алаңға қайта оралып, еркін жаттыға аламыз. Өкініштісі, адамдар әлі де екпе салдыруға асығар емес, бетперде тақпай, әлеуметтік қашықтықты сақтамауда", – дейді спортшы. 

Бокстан әйелдер арасында еңбек сіңірген спорт шебері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай да екпе салдырды. 

"Өткен жылы басталған індет менің олимпиадаға қатысуыма, екінші лицензияны алуыма кедергі келтірді. Бұл менің арманым еді. Тағы бір кемшілігі спорт залдары жабылып, менің үйде жаттығуыма тура келді. Биыл жағдай өзгерді. Қалада жаппай иммундау басталғаннан кейін коронавирусқа қарсы екпе алдым. Ешқандай мәжбүрлеу болған жоқ, барлығы  денсаулықты сақтауға, жаттығуға, залда жанкүйерлерді көруге мүмкіндік беретін қажеттілік екенін түсінді. Өз басым алғашқы боксшылардың бірі болып вакцина алдым", – дейді екі дүркін әлем чемпионы.

Еске сала кетсек, 16 маусымдағы жағдай бойынша Алматыда 351 497 адам вакцина салдырды. Оның ішінде 39 026 адам 60 жастан асқан қариялар.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу