Ел біріншілігінің жеңімпаздары қатарында ұлттық құрама мүшесі Фарух Набиев те бар, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Ерлер арасындағы көпсайыста шымкенттік Фарух Набиев қарсыластарынан қара үзіп кетті. Ол алты жаттығу қорытындысы бойынша 77,300 ұпай жинаған.
Екінші орында елордалық Дмитрий Патанин, үшінші сатыда қостанайлық Олег Чубенко.
Әйелдер арасындағы көпсайыс шымкенттік Көркем Ербосынқызының жеңісімен аяқталды. Күміс жүлдені Эмилия Вейберт (Алматы), қоланы Александра Шаметько (Талдықорған) иеленген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу