Бүгін Алматыда спорттық гимнастикадан Қазақстанның бесінші жазғы Спартакиадасы басталды, деп хабарлайды prosports.kz.
22-28 сәуір аралығында өтетін турнирге спорттық гимнастикадан облыс командалары мен ұлттық құрама мүшелері де қатысуда.
Милад Карими, Аким Мусаев, Арайлым Мейрам, Екатерина Чуйкина сынды команда мүшелері Алматы қаласының атынан сынға түсуде.
Ал әлем кубогі кезеңінің финалисті Аида Бауыржанова мен ұлттық құрама мүшесі Дмитрий Патанин Нұр-Сұлтан қаласының намысын қорғайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу