Алматыда стационарлар 95%-ға толы

743

Азық-түлік сататын базарлар жұмысын тоқтатады.

Алматыда стационарлар 95%-ға толы

Бұл туралы Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. 

"Алматыда соңғы күндері науқастар саны екі есе артты. Жұқпалы аурулар ауруханаларындағы орындардың 95%-ы бос емес. Сондықтан адам көп жиналатын нысандардың жұмысын 20-21 маусым күндері шектеу туралы шешім қабылдадық. Атап айтсақ: азық-түлік және азық-түліктік емес базарлар, сауда орталықтары, сауда үйлері мен фитнес орталықтары, қоғамдық тамақтану объектілері. Соңғысы ашық алаңда, далада санитарлық талаптарды сақтай отырып, қызметін жалғастыра береді. Сонымен қатар банктер, ХҚКО-лар сенбі күні жұмыс істемейді. Бұдан бөлек қоғамық көліктің қызметі тоқтатылады. Мегаполистегі адам көп жиналатын орындарға да баруға болмайды", – деді ол.

Бұл ретте шаһардың бас санитар дәрігері осы екі күнде қоғамдық органдарда залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетінін ескертті. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу