Жол қозғалысы ережелерінің бірден бірнеше талаптарын бұзған ҚР әкімшілік заңнамасын өрескел бұзу дерегі анықталды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz сілтеме жасап.
– 23 жастағы И. есімді азамат анықталды және ұсталды, ол құқық бұзушылық дерегін бірден мойындап, бейнероликке түсіру қажеттігін түсіндірді. Бұл уәж құқық бұзушының әрекетін ақтамайды. Оған қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес шара қолданылды. Алты әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу