"Алматы қаласының Төтенше жағдайлар депаратментіне 67 жастағы Ермекбай Тамабаев хабарласты, ол "Алтынбұлақ" көп қабатты тұрғын үй кешенінің 7-қабатынан құлайын деп тұрған баланы аман қалғанын куәгері болғанын айтты", – деп хабарлады департаменттен.
21 шілде күні түстен кейін Ермекбай Тамабаев бір жасар немересін көтеріп, үйінің ауласында серуендеп жүрген. Кенеттен ол баланың жылаған даусын естиді. 7-қабаттан подъездегі балконның қоршауында кішкентай баланың салбырап тұрғанын байқаған.
"Басы темір торға тіреліп, денесі мен қолдары сыртта салбылап тұрды, ол құлап кеттеді ме деп есім шықты", – деді ақсақал.
Қолындағы бір жасар баланы тастап кете алмаған қарт кіреберісте тұрған жастарды көмекке шақыра бастады, өкінішке қарай ешкім оған назар аудармаған.
"Егер бала құлап кетсе, ең болмаса үйге кіреберістің шатырына көтерілуді өтіндім. Менің өтінішіме дереу көмекке жас жігіт жүгіріп барды. Тордың арасында ілініп тұрған баланы соңғы минуттарда құтқарып үлгерді, әрі қарай үрейден не істерін тұрған анасына табыстады", – деді ақсақал.
19 жастағы жас қаһарман Ерасыл Архатұлы болып шықты. Ол Абай атындағы педагогикалық университетінің Дене шынықтыру факультетінің студенті екен.
Алматы қаласы ТЖД басшылығы ҚР ТЖ министрлігіне жоғарыда аталған тұлғаларды марапаттау туралы ұсыныс білдірді.