Алматыда студенттерге арналған 13 жаңа жатақхана ашылады

224

2026 жылы қалада шамамен 4,7 мың орындық жаңа нысандар іске қосылып, жатақхана тапшылығын азайту көзделіп отыр.  

Алматыда студенттерге арналған 13 жаңа жатақхана ашылады Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматыда студенттерге арналған жатақханалар санын арттыру жұмыстары жалғасуда. 2026 жылы қалада шамамен 4,7 мың орынға арналған 13 жаңа жатақхананы пайдалануға беру жоспарланған, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Қазіргі таңда Алматыда 221 мыңнан астам студент білім алуда. Оның 149 мыңы – өзге өңірлерден келген жастар. Бүгінде қалада 136 жатақхана жұмыс істегенімен, студенттердің қосымша орындарға деген сұранысы сақталып отыр.

Жатақхана тапшылығын азайту мақсатында Алматы әкімдігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, жаңа нысандардың құрылысын үйлестіретін Жобалық кеңсе құрды.

Өткен жылы қалада 4,5 мың орынға арналған 13 жатақхана пайдалануға берілді. Сонымен қатар студенттердің тұрғын үйге қажеттілігін анықтау үшін арнайы карта әзірленді.

Алдағы уақытта Алматыда жатақхана қорын одан әрі кеңейту жоспарланған. 2030 жылға дейін қаладағы жатақханаларда 20 мыңға дейін жаңа орын ашу көзделіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу