Алматыда студенттерге арналған жаңа жатақхананың құрылысы жүріп жатыр

Республика бойынша студенттерге арналған тұрғын үй тапшылығының басым бөлігі, атап айтқанда, 40%-дан астамы дәл осы оңтүстік астанада тіркелген.  

Алматыда студенттерге арналған жаңа жатақхананың құрылысы жүріп жатыр Фото: gov.kz

Студенттік жатақхана 2024 жылдан бастап қолданысқа беріледі. Қазақстан-Британ техникалық университетінің басшылығы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Алматы жастар саясаты басқармасының басшысы Қайыржан Меңдіғалиевке жаңа жатақхананы таныстырды. 

Бұл жатақхана құрылысын 2023 жылдың ақпан айында бастаған болатын. Кездесуде университет өкілдері нысан бойынша экскурсия өткізді, жатақхана құрылысының барысы, сыйымдылығы, пайдалануға беру мерзімі туралы айтылды, құрылыста қолданылатын материалдар мен ғимараттың сызбалары көрсетілді.

Студент жастарды жатақханалармен қамтамасыз ету бүгінгі таңда қазақстандық жоғары оқу орындарының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Республика бойынша студенттерге арналған тұрғын үй тапшылығының басым бөлігі, атап айтқанда, 40% - дан астамы Алматы қаласына тиесілі. Тұрғын үй қорын кеңейту және барлық қаладан тысқара аймақтарда тұратын жатақханаға мұқтаж студенттерді тұрғын орындармен қамтамасыз ету мақсатында аталған ЖОО басшылығы осы жылдың ақпан айында халықаралық талаптарға сай жаңа жатақхана салу туралы шешім қабылдады. 

Жаңа жатақханада студенттерге білім алу және жайлы тұру, спортпен шұғылдану және бос уақытты өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасалады.
Сыйымдылығы 980 төсек-орын және үш қабатты спорт кешені, жаттығу залы, хореография залы, сондай-ақ футбол, баскетбол және волейбол сияқты спорттық ойындарды өткізуге арналған залы бар заманауи талаптарға сай келетін екі тоғыз қабатты ғимарат салынады. Барлық құрылыс нормалары қатаң сақталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу