Алматыда студенттік және дебюттік фильмдер фестивалі басталды

856

Грузия режиссері "Қазақ киносының дамуына қосқан үлесі үшін" жүлдесімен марапатталды.

Алматыда студенттік және дебюттік фильмдер фестивалі басталды

Алматыда ҮІІІ Халықаралық "Бастау" студенттік және дебюттік фильмдер фестивалі басталды.

"Биылғы бағдарлама студенттегер ғана емес, сондай ақ көрерменге де қызықты болады деп ойлаймын. Бір айта кетерлігі, біз биыл алғаш рет байқау бағдарламасына деректі киноны қостық. Шетелдік қонақтардың бағдарламасы да қызық болатыны сөзсіз. "Бастаудың" басты міндеті – білім беру болғандықтан, біз шеберлік дәрістердің бағдарламасын да жақсылап ойластырдық.  Картиналарды халықаралық деңгейде таныту, оларды халықаралық фестивальдарға ұсыну, сатып алуларға қатысты арнайы бағдарлама болады", – дейді фестивальдің арт-директоры Диана Әшімова. 

Мәдени іс-шара барысында Грузияның белгілі режиссері Ираклий Квирикадзе "Қазақ киносының дамуына қосқан үлесі үшін" жүлдесімен марапатталды. Бұл құрметті сыйлықты фестиваль президенті Сергей Әзімов табыстап, грузиялық әріптесімен бірге 8-ші халықаралық "Бастау" кинофестивалін ашық деп жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу