Алматыда студенттік жатақханалар құрылысының жобалық офисі ашылды

505

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.  

Алматыда студенттік жатақханалар құрылысының жобалық офисі ашылды Фото: gov.kz

Осы құжат аясында Студенттік жатақханалар құрылысының жобалық офисі ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобалық кеңсенің негізгі міндеті - Алматы қаласының аумағында жатақханалар салу және студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, атап айтқанда, қала әкімдігі мен Қаржы орталығы тарапынан тұрғын үй салуға мүдделі жоғары оқу орындары мен әлеуетті инвесторларға жедел заңгерлік, консультациялық және сараптамалық қолдау көрсету болады.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз студенттер үшін жатақханалар салу жұмысын бастап кеттік. Бүгін халық ең тығыз орналасқан қала – Алматыда жобалық кеңсе өз есігін ашты, енді осындай кеңселерді жатақханаларға қажеттілік бар басқа қалаларда, атап өтсем, Астана, Ақтөбе және Шымкентте ашуды жоспарлап отырмыз", - деді министр Саясат Нұрбек.

Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде 12 мың төсек-орынға, ал 2030 жылға дейін тағы 20 мың орынға жатақхана салу жоспарлануда.

Жобалық кеңседе министрліктің, Қаржы орталығының және әкімдіктің түрлі басқармаларының өкілдері тұрақты негізде отырады. Олар күн сайын ХҚКО режимінде университеттерге, құрылыс компанияларына және мердігерлерге кеңес беретін болады.

Бұл бағыттағы алғашқы қадам ретінде 2023 жылы Satbayev University үшін екі жаңа жатақхана салу туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар Абай атындағы ҚазҰПУ үшін 140 орындық жатақхана құрылысы өз жұмысын бастайды.

Бүгінгі таңда жобалық кеңсе базасында 50 инвестор бар, олардың бесеуі түрлі мәселелер бойынша тығыз жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу