Алматыда су басуды алдын алу бойынша 34 патрульдік бригада, 102 адам түнгі кезекшілікке түседі.
Алматы қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, бүгін су басудың алдын алу және жою мақсатында 52 патрульдік бригада, 24 мотопомпа және 260 жол жұмысшылары жұмылдырылды. 2450 қап құм жиналды.
"Түнгі кезекшілікке 34 патрульдік бригада, 26 мотопомпа және 102 жол жұмысшысы жұмылдырылады деп жоспарланып отыр. Жедел кезекшінің деректері бойынша су басу бойынша азаматтардан өтініштер түскен жоқ. Сағат 19:00-ден кейін негізгі су ағыны арық желілері арқылы қаланың төменгі бөлігіне кетті және 20:00-дегі жағдай бойынша қала аумағында су жоқ", - деп хабарлады ведомстводан.
Еске салсақ, бүгінгі жауын-шашын салдарынан Алматыда Алмалы және Наурызбай аудандарының аумағын су басты.