Алматыда су қоймаларын өңдеу жұмыстары басталды

14,4 гектар аумақ өңделеді. Өңдеу энтомологиялық көрсеткіштер бойынша алты кезеңмен іске асырылады. 

Алматыда су қоймаларын өңдеу жұмыстары басталды Фото: gov.kz

Алатау, Жетісу және Түрксіб аудандарында орналасқан 7 анафелогенді су қоймасында 2023 жылдың 7 маусымынан 29 қыркүйегіне дейін безгек масаларының дернәсілдеріне қарсы дезинсекциялық өңдеу жүргізіледі.

Су қоймаларындағы безгек масаларының дернәсілдеріне қарсы дезинсекциялық іс-шараларды "Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығы" ШЖҚ РМК филиалы қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі мамандарының тікелей бақылауымен жүзеге асырады. Құрылған дезинфекциялық бригадалар қажетті жабдықтармен, көлікпен, жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталған.

"Кенеге қарсы емдеу үшін "Фаворит" инсекто-акарицидтік препараты қолданылады. Препарат қауіпті емес  (3-4 класс). Масалармен күресу үшін қолданылатын дозалар төмен және адамдар мен жануарлар үшін толығымен қауіпсіз", – деп хабарлады Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу