Алматыда су құбырларының бір бөлігі толығымен тозған

Шаһар басшысы "Алматы Су" кәсіпорнын дамыту жоспарымен танысты.  

Алматыда су құбырларының бір бөлігі толығымен тозған Фото: gov.kz

Алматыда су құбыры желілері 55,8%, кәріз желілері 57,5%, құбырлардың бір бөлігі 100% тозған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мұның алдын алу үшін жыл сайын кемінде 104 шақырым су құбырын, 73 шақырым кәріз желісін ауыстыру қажет. Әрі диаметрі 900 мм және одан жуан ірі су құбырлары мен кәріз коллекторларын қайта жаңарту керек. Бірақ қолданыстағы инвестициялық бағдарлама жыл сайын тек 20-24 шақырым тозған құбырды ауыстыруды көздейді. Мамандар оның себебін төмен/теңгерімсіз тарифпен байланыстырады, Алматыдағы тариф ел бойынша ең төменгі деңгейдің бірі, 8 жылдан бері өзгермеген – 1000 литрге 48 теңге", – деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Кеңес барысында сумен жабдықтау және кәріз жүйесін жаңғырту мәселесі талқыланды, іске асыру мерзімі айтылды. Қалалық бағдарлама аясында 2025 жылға дейін (40,9 млрд теңге) негізгі магистральдық су құбырлары мен кәріз коллекторларын қайта жаңарту жоспарланып отыр.

Кездесу соңында қала әкімі "Алматы Су" МКК басшылығына қысқа мерзімде инженерлік желілердің тозуы деңгейін азайту мен қызмет сапасын арттыру үшін жаңа тарифтік саясатты енгізу жөнінде ұсыныстар беруді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу