"Алмалы ауданында Гоголь көшесінен төмен Шәріпов көшесінің бойында құбыр жарылды. Оқиға болған жерде апатты қалпына келтіру қызметі жұмыс істеуде. Мамандар апатты жоюмен айналысуда. Су басып қалуды жою үшін мотопомпалар жіберілді. Толық ақпарат кейінірек беріледі", - деді Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы.
Құбырдан жоғары қарай атқылап жатқан судың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.
"Гоголь мен Әди Шәріпов көшелерінің қиылысы", - делінген жазбада.
Салдарынан көліктердің қозғалысы шектелді. Дәл қазіргі уақытта оқиға орнында апаттық бригада мамандары жұмыс істеп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу