Алматыда су құбыры жарылып, топырақ көшкіні болды

975

Медеу ауданында су құбырының жарылып, топырақ көшкіні болды, деп хабарлайды inbusiness.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматыда су құбыры жарылып, топырақ көшкіні болды

"Бүгін таңғы сағат 09:30-да "Көктөбе" шағынауданы Т. Бигелдинов көшесіндегі 35-үйдің жанында, көлемі 30 текше метр топырақ көшті. Нәтижесінде жол өтуіне кедергі туындап, 35-үйдің металл қоршауы зақымдалды. Дереу қауіпсіздік бекеттері қойылып, су құбыры бітелді. Зардап шеккендер жоқ. Жолды тазарту жұмыстары жүргізілді", – деп хабарлады Департамент өкілдері.

Оқиға орнына ТЖД 5 қызметкер, 2 бірлік техника, "Қазселденқорғау" ММ 2 қызметкер, 1 бірлік техника, аудан әкімдігінен 5 қызметкер, 2 бірлік техника, "Алматы Тазалық" ЖШС 10 қызметкер, 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Жалпы сырғымалар табиғи және техногендік сипаттағы түрлерге бөлінеді. Табиғи – топырақтың ылғалданып батпақтануына және техногендік сипаттағы құбырлардың ақаулары, суды бақылаусыз пайдалану, беткейлерге жүктеме және тағы басқа себептерінен пайда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу