Алматыда су құбырын тартқан мердігер компания қазылған жерді ашық тастап кеткен

155

Жөндеу нысандарында бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.

Алматыда су құбырын тартқан мердігер компания қазылған жерді ашық тастап кеткен Фото: Алматы әкімдігі

Қала құрылысын бақылау басқармасы Рахат-Мәдениет шағын ауданында "Сапа құрылыс 2007" ЖШС мердігер ұйымы жүргізіп жатқан су құбыры мен кәріз желілерінің құрылысына инспекциялық тексеру жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тексеру барысында бірқатар заңбұзушылық анықталды. Атап айтқанда, кейбір учаскелерде қайтадан топырақ толтырылмаған, ал кей жерде қабаттап тығыздау жұмыстары жүргізілмеген. Бұл жол жабындысының шөгуі мен опырылуына алып келді. Сондай-ақ қорғаныс қоршаулары, тіреулер, ор траншеяларының еңістерін өңдеу жұмыстары атқарылмағаны анықталды. Бұған қоса, жобадан ауытқушылықтар да тіркелді", – деп хабарлады әкімдіктен.

Басқармадан атап өткендей, қазір ҚР ӘҚБтК сәйкес бірнеше бап бойынша әкімшілік шара қабылдау үшін жоспардан тыс тексеріс басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу