Алматыда субсидия алып береміз деп уәде берген күдіктілер ұсталды

519

Күдіктілер қамауға алынды.

Алматыда субсидия алып береміз деп уәде берген күдіктілер ұсталды Фото: Polisia.kz

Алматыда шағын кәсіпті дамыту үшін субсидия алып береміз деп уәде берген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысынан 32 жастағы А. есімді бикеш және Түркістан облысының тұрғындары – 23 жастағы Н. есімді азамат және 28 жастағы С. есімді азамат күдікті деп танылды. 

"Біздің бөлімшенің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен күдіктілерді ұстады. Шағын бизнеске субсидия алуға көмектесеміз деген желеумен жастар қызметтері үшін ақша алып, уәдесінде тұрмаған. Тергеудің осы кезеңінде күдіктілердің осыған ұқсас 12 эпизодқа қатысы бар екендігі белгілі болды. Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сараланады. Күдіктілер қамауға алынды", деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Талғат Беркінбаев.

Тергеу ұсталғандардың басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Осыған байланысты, полиция қызметкерлері, азаматтарды күдіктілерді таныған жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарлауға шақырады: 8 (727) 227-55-02 және 8-777-235-55-15. 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу