Алматыда субұрқақта тоқ соққан адам ауруханадан шықты

726

Одан әрі тіркелген жері бойынша емхана дәрігерлерінің бақылауында болады.  

Алматыда субұрқақта тоқ соққан адам ауруханадан шықты

Алматы циркінің маңындағы субұрқақта тоқ соққан 28 жастағы науқас ауруханадан шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасына сілтеме жасап. 

"Науқас үйіне шығарылды, бұған дейін оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазір оның жағдайы тұрақты. Одан әрі тіркелген жері бойынша емхана дәрігерлері бақылауында болады", - деп жазылған Қоғамдық денсаулық басқармасы таратқан хабарламада. 

Еске сала кетсек, 19 маусым күні Алматы циркінің алдындағы субұрқақта үш адамды тоқ соғып, олар ауруханаға жатқызылған. Кейін дәрігерлер 28 жастағы науқас жансақтау бөліміне жатқызылғанын хабарлады. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу