Алматыда субұрқақта тоқ соққан үш адамның бірі жансақтау бөлімінде жатыр

750

Дәрігерлердің науқастың жағдайы ауыр екенін айтып отыр.

Алматыда субұрқақта тоқ соққан үш адамның бірі жансақтау бөлімінде жатыр

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі цирк ғимаратының алдындағы субұрқақта тоқ соққан адамдардың жағдайы туралы ақпаратпен бөлісті. Қазіргі кезде бір науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Ол жасанды тыныс алу аппаратынан алынды. Қазір өзі демалып жатыр. 8 және 10 жасар қыздар аурухананың бейінді бөлімінде жатыр. Екеуінің де жағдайы тұрақты, шағымдары жоқ, тиісті медициналық көмек алуда", – деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетсек, 19 маусым күні Алматы циркінің алдындағы субұрқақта бірнеше адамды тоқ соғып, олар ауруханаға түкен болатын. Кейін шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев оқыс оқиғаға қатысты полиция тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу