Алматыда судағы қауіпсіздік ережелерін дрон хабарлауда

544

Оны қалалық ТЖД ұшырған, деп жазды inbusiness.kz.

Алматыда судағы қауіпсіздік ережелерін дрон хабарлауда

Шомылу маусымы басталғаннан бері Сайран көлінде 8 адам құтқарылды, олардың екеуі – балалар. 

"Күннің қатты ысып кетуіне байланысты Сайран көлінде демалушылар саны артты, рейдтер кезінде су айдындарында спирттік ішімдіктерді ішу, көлдің сол бөтелкелермен бітелуі, құтқару бекеті жоқ жерде пирстерден секіру жиі тіркеледі. Шомылу маусымы басталғаннан бері Сайран көлінде 8 адам құтқарылды, олардың екеуі – балалар", – деп хабарлады ТЖД. 

Бұл ретте маусым айынан бастап осы үшін белгіленбеген орындарда шомылғаны және су айдындарында спирттік ішімдіктер ішкені үшін 26 бұзушыға жалпы сомасы 100 мың теңгеден астам айыппұл салынды. 

Сонымен қатар судағы қауіпсіздікті бақылау үшін брондар іске қосылды. Олар келушілерге сақтық шараларын хабарлауда. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу