Алматы қалалық Әуезов ауданы № 2 сотының судьясы 10 мың доллар алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.
Оқиға үстінде ұстап алу 2019 жылы 2 ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының және Жоғарғы сот ішкі қауіпсіздік бөлімінің мамандарының өзара бірлесіп жүргізген іс-қимылы барысында жүзеге асты.
Судья Андрей Штейнкенің ұсталуына қатысты қазіргі уақытта қажетті жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу