Алматыда супермаркет өртеніп жатыр

712

Төтенше жағдайдың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Алматыда супермаркет өртеніп жатыр

Алматыда Қалқаман шағын ауданында Әшімов 13А мекенжайында орналасқан "Сабыржан" супермаркеті өртеніп жатыр, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір әкімшілік ғимараттың шатыры лаулап жатыр.

"Қазір өрт жапсарлас ғимараттарға жайылмас үшін оның алды алынды. Өрт сөндірушілер ғимарат ішінде адамдар бар-жоғын барлап жатыр. Өрт сөндірушілерге тілсіз жауға қарсы бағана берілді. 50 литрлік 3 газ балоны сыртқа шығарылды", – деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу