Алматыда суретке түспек болған оқушы өзенге құлап кетті

244

Алматыдағы Аюсай шатқалында таудағы фотосессия соңы қайғылы оқиғаға ұласа жаздады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда суретке түспек болған оқушы өзенге құлап кетті Фото: 109_almaty

8 оқушы мен сынып жетекшісінен тұратын топ өзен жағасында суретке түсіп жатқанда, бір оқушы қыздың аяғы тайып, Проходная өзеніне құлап кетті.

Оқиға 22 мамыр сағат 15:35 шамасында болған.

"Алматы қалалық Құтқару қызметінің құтқарушылары оны жедел іздестіре бастады. Сағат 15:56-да бөгетке шамамен 500 метр қашықтықта қыз судан шығарылды. Құтқарушылар оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шегушіні жедел жәрдем бригадасына тапсырды", – делінген құтқару қызметінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу