Алматыда сусабынның ішінен есірткі шықты

645

Алматыда тергеу изоляторына сусабынның ішіне есірткі салып өткізбек болған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматыда сусабынның ішінен есірткі шықты Фото: polisia.kz

№72 тергеу изоляторында қамауда отырған 23 жастағы Қырғызбай есімді жігітке әкелген сәлемдеменің ішінен есірткі табылды.

Есірткіні сусабынның ішіне жасырып алып келген. Тергеудегі Қырғызбай Қылмыстық кодекстің 188 және 291-бабы бойынша тұтқындалған.

Алматы қаласы Әуезов ауданы сотының үкімімен 5 жыл бас бостандығынан айырылған. Сот үкімі 18 қазан күні күшіне енген.

Бұрын да сотты болған танысына есірткі тасымалдаған Асқар есімді жігіттің әрекетіне қатысты Түрксіб аудандық Полиция басқармасынан жедел тергеу тобы шақырылып, Қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу