Алматыда көлемі 10 текше метр болатын лай сырғыма түсті.ТЖМ мәліметінше сырғыма Медеу ауданындағы үйлердің біріне жақын жерге түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Зардап шеккендер мен қираулар жоқ. Бұл жағдайға қатты жауын-шашын мен топырақтың батпақтануы себеп болды.
"Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің айтуынша, аталған учаскеде сырғыманың қайта түсу қаупі бар.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы нөсер жауын мен заңсыз салынған құрылыс салдарынан Керей-Жәнібек хандар көшесі бойында сазды лай көшкіні түскен болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу